Медициналық қорғаныс маскаларын сатып алып, қайта сатқандар сотталатын болды

Медициналық қорғаныс маскаларын сатып алып, қайта сатқандар сотталатын болды

Жапония үкіметі осындай шешім шығарды. Яғни, медициналық бетпердені бағасын көтеріп,  қайта сатқандар бір жылға дейін сотталады, не миллион иенге дейін (9,8 мың доллар) айыппұл төлейді, - деп жазады nege.kz. Кей жағдайда осы жазаның екеуі қатар қолданылуы мүмкін. Жаңа заң 15 наурыздан бастап күшіне енеді. Жапонияның Экономика, сауда және индустрия министрлігінің мәліметіне сүйеніп, ТАСС-тың хабарлауынша, сатып алынған масканы сол бағада сатуға рұқсат етіледі. Медициналық маскаларды қайта сатуға салынған тыйым – 1973 жылы тұтыну тауарларының жетіспеушілігін болдырмау үшін қабылданған заң негізінде енгізілген.