Павлодар облысында жеңіл автокөлік өртеніп кетті

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін таңертең Екібастұз қаласына жақын «Қызылорда-Павлодар» автожолында жеңіл автокөлік өртеніп кетті, – деп жазады Aikyn.kz.

Ведомство мәліметінше, ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 32 минут ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

«Жол көлігінде төтенше жағдай болса 112 нөмеріне хабарласыңыз», – делінген хабарламада.