Сол жағалаудағы өрт: елордалық ТЖД мән-жайды түсіндірді

Нақтыланған мәлімет бойынша, ғимараттың сыртқы қаптамасы жанып жатыр.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер 3 ранг бойынша жұмыс істеуде, – деп жазады Aikyn.kz.

ТЖМ мәліметінше, 16 бірлік техника мен 72 адам жұмылдырылған.

"Ғимарат әкімшілік және ішінара тұрғын үй. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуациялау жүргізілуде", – делінген ақпаратта.

ТЖМ құтқарушылары 8 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.