Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Түрікменстан Мәжілісінің Махтумкули Фрагидің 300 жылдығына арналған «Халықтарды біріктіретін тарихи-мәдени құндылықтар» отырысына қатысты.
Нұртөре Жүсіп өз сөзінде Махтумкули Фрагидің шығармашылық мұрасы Орталық Азиядағы барлық халықтардың мәдени мұрасы екеніне тоқталды және әлемдік әдебиет тарихына жазылғанын атап өтті. Депутат сонымен қатар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастық достық пен тату көршілікке, ғасырлар бойғы тарихи байланыстарға негізделгенін жеткізді.
«Қазақстан мен Түрікменстан ғасырлар бойы рухани тамыры бір ортақ тарихпен, достық және тату көршіліктің ізгі дәстүрімен, өзара ынтымақпен тығыз байланысып келеді. Бүгінде екі елдің Парламенттері, Үкіметтері мен мемлекеттік органдары арасындағы өзара белсенді іс-қимылды екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал етуде. Мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстар өзара іс-қимылдың маңызды құрамдас бөлігі екені даусыз, ал қазақ және түрікмен диаспоралары байланыстырушы буын болып қала береді», - деді Нұртөре Жүсіп.
Шараға Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Иран депутаттары да қатысты.