Төтенше жағдайлар министрлігі 22 маусымда Астанадағы "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы маңындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінде өрттің таралу қаупі жойылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ведомствоның мәліметінше, өрт шалған аумақтың алдын ала ауданы – 180 шаршы метр.
"Өрттің таралу қаупі жойылды. Қызыл жалын шарпыған аумақтың алдын ала ауданы 180 шаршы метр. Өртті жоюға жеке құрамнан 87 адам және 19 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
ТЖМ аталған тұрғын үй кешенінен эвакуацияланған сегіз адамның тек біреуі медициналық көмекке жүгінгенін мәлім етті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.