Үйден онсыз шыға алмаймын: Айжан Байзақова үйіндегі ахуалды айтты

Атышулы блогер әрі актриса Айжан Байзақова әлеуметтік желіде ел күтпеген мәлімдеме жасады.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жылап отырған сәтінен видео жариялап, жазба қалдырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Блогердің бұл жазбасы оқырмандарының талқысына түсті. 

"Мұны айтатын уақыт келді. Ол маған қол көтереді. Шашымды жұлып тастады. Үйден онсыз шығуыма рұқсат бермейді", – деп жазды актриса.

Алайда бірер секундтан соң көпшіліктің көңілі орнына түсті. Байзақова бұл жазбасымен кіші ұлы туралы жазған.

"Қыздар сіздерге тек осындай кішкентай "абьюзерді" тілеймін", – деп жазды блогер.