Түркістан облысында да әсіресе ішкі істер органдарында еңбек ететін үлгілі полицейлер династиясы аз емес, - деп жазады Aikyn.kz.
Бүгінде олардың саны 65-ке жетіп отыр. Атап айтқанда, Келес ауданында төрт буын ата-әке-бала-немерені қызметте ұштастырған отбасы бар. Бірнеше буынға жалғасқан үлгілі полицейлер династиясының бірі – Базарқұловтар әулеті.
Аға буын қариялар өз балалары мен немерелеріне «Тәртіп сақшысы – ол ең алдымен адал қызмет етіп, өзі тәртіпті сақтауы тиіс. Жұмысы нәтижелі болу үшін әркім өз ісін жақсы сезіммен орындауы тиіс. Кез келген сақшының жұмысында қиын сәттер көп кездеседі. Бірақ ештеңеге мойынсұнбай, берілмей, тек алға жүру керек» деген өсиетті айтудан жалыққан емес.
Назгүл НАЗАРБЕК, Түркістан облысы