Ақмола облысының құтқарушылары кіреберістің күнқағарына секірген қызға көмекке келді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Степногор қаласында қыз бала көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде қамауда қалып, терезеден шығып, кіреберістің күнқағарына секіріп аяғын жарақаттаған.
Келген құтқарушылар мен дәрігерлер зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны төмен түсірді.
«Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!» - делінген министрлік хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.