Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, елордалық ТЖД мамандары Алматы ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде шыққан өртті сөндірді.
Өрт 20 минут ішінде ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада «Хан шатыр» сауда үйінің жанындағы көпқабатты үй өртенген еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.