Ақтауда ТЖМ күштерімен суға батып кете жаздаған 40 жастағы ер адам құтқарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Ақтау қаласының құтқарушылары шомылу кезінде ағыспен батып бара жатқан 1984 жылы туған ер адамды жағаға шығарды. Ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды, – делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.