Олимпиада жолдамасын иеленді

Бұған дейін жазғы Олимпиялық ойындарға лицензияны жеңіп алған Қазақстан құрамасының дзюдошысы 63 келі салмақтағы Есмигүл Куюлова жекелей сында күресетін болады. Мұндай шешімді халықаралық дзюдо федерациясы қабылдады.

Есмигүл Куюлова аты аталған ұйым­ның қосымша жолдамасына ие болды. Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне қарағанда, еліміз құрамасынан же­келей сын бойынша тоғыз дзюдошы жарысқа қатысады. Осыған дейін Есмигүл Куюлова аралас командалық жарыста қатысатын болған.

Ерлерден Олимпиадада Қазақ­стан құрамасынан бес дзюдошы белдеседі. Атап айтқанда, Елдос Сметов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Нұрлыхан Шархан (-100 келі) белдеседі. Ал әйелдер құра­масынан Абиба Әбужақынова (-48 келі), Есмигүл Куюлова (63 келі), Кәмила Берліқаш (+78 келі) татамиге шығады.

Олимпиялық ойындар 26 шілде мен 11 тамыз аралығында болады. Соның ішінде дзюдо бәсекесі ойындар салтанатты түрде ашыл­ған күні басталса, 3 тамызда финалдық жек­пе-жектері болады.