Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында су жағалауын тазартты

«Таза Қазақстан» акциясына Шымкент қаласының 154 мыңнан астам тұрғыны, сондай-ақ 6 002 өндірістік және кәсіпкерлік нысандар мен 603 әлеуметтік мекеменің ұжымы жұмылдырылды.

«Таза Қазақстан» акциясына Шымкент қаласының 154 мыңнан астам тұрғыны, сондай-ақ 6 002 өндірістік және кәсіпкерлік нысан  мен 603 әлеуметтік мекеменің ұжымы жұмылдырылды. Акция барысында 8 мың шақырымнан астам көше, 9 мың шақырым тротуар және 724 шақырым суару жүйесі, каналдар мен арықтар тазартылды. 6 591 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдарын сырлау және жол жиектерін тазалау жұмыстары жүргізілді.


"Асар" шағынауданының тұрғындары көшелерді, аулаларды және екі демалыс аймағын тазалауға белсенді қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұ.Башенов тұрғындардың Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын және акцияға сәуір айынан бастап белсенді қатысып, тазалау жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, халық арасында тазалық мәдениетін насихаттайтынын атап өтті. «Қала  біздің ортақ үйіміз. Оның абаттандырылуы мен көркеюі әр тұрғынға байланысты. Сондықтан Асарлықтар баршаны қоқыс тастамауға және тазалықты сақтауға шақырады»,  деді ол.


«Тазалық – денсаулық кепілі»,  бұл ұранды акцияға қатысып отырған әл-Фараби ауданының тұрғындары да қолдап отыр. Шараға ардагерлер мен белсенді жастарды қосқанда 200-ден астам адам қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамудин Наштайұлы «Таза Қазақстан» акциясы уақытша акция емес, тұрақты тазалық шарасы екенін, осыған байланысты әрбір қала тұрғыны тазалық мәдениетін сақтап, аулаларды ретке келтіруді өзінен бастау керектігін баса айтты.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Тұран ауданының тұрғындары мен «Жасыл ел» жастар жасақтары қала тұрғындарының танымал демалыс орны болатын Қошқар ата өзенінің жағасын тазарту бойынша санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар өзен аумағын қоқыс пен өсімдіктерден тазартты, шомылу ережелері мен өзен бойындағы жарықтандыру жүйелерін жаңартты. Олар қаланың тазалығы ең негізгі басымдық екенін және әрбір тұрғын оны қолдауға белсенді қатысуы керек екенін атап өтті.