Қазақстандық сабляшылар Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Бұған дейін Ерлік Сертай ерлер шпагасынан қола медаль жеңіп алған болатын.

Саблямен семсерлесуден Қазақстан командасы Кувейтте өтіп жатқан Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазақстандықтар командалық сында үздік үштікке енді. Турнирдің негізгі айналымында біздің команда Өзбекстан мен Жапонияны жеңіп, жартылай финалда Иранға жол берді. 

Осылайша, Бақдәулет Құралбекұлы, Артем Саркасян, Саттархан Назарбай, Жанат Нәбиев төрттігі құрлық додасының қола жүлдесін иеленді. 

Бұған дейін Ерлік Сертай ерлер шпагасынан қола медаль жеңіп алған болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.