Қала тұрғындарының өтініші бойынша №211 бағыты "Спорт сарайы" – "Алма-Арасан" арасында күн сайын қатынайды, – деп жазады Aikyn.kz.
Бұрын маршрут тек демалыс күндері жүретін.
Таулы жерге бейімделген жүріс және тежеу жүйесі бар 2 бірлік Yutong маркалы автобус күнделікті қатынайды.
Маршрутта жолақысын қолма-қол ақшасыз төлеу 100 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлесеңіз, 200 теңге. Бұрын жолақысы 300 теңге болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.