Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы 26 маусымда сағат 10:00-де өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атышулы іске қатысты аппеляциялық сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылдады, – делінген хабарламада.
Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көре аласыздар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.