Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Академия академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың аяқталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау Қағидаларына сәйкес Академияның жалпы жиналысының шешімімен:
«Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша):
- Акшулаков Серик Куандыкович;
- Локшин Вячеслав Нотанович;
«Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар» бағыттары бойынша):
- Здоровец Максим Владимирович;
- Рамазанов Тлеккабул Сабитович;
- Сураган Дурвудхан;
- Туруспеков Ерлан Кенесбекович
ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері болып сайланды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.