Шымкентте қалалық прокуратураның үйлестіруімен Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасы арнайы операция жүргізу барысында «Бозарық» шағын ауданында орналасқан жеке үйде синтетикалық есірткі дайындау зертханасы анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аталған мекенжайды тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, прекурсорлар және өткізу мақсатында заңсыз дайындалған аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі заттары анықталды.
– Шамамен 10 келіге жуық мефедрон синтетикалық есірткі және 2 тонна көлемдегі прекурсорлар тәркіленді.
Аса iрi мөлшерде есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу фактісі бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.
Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтарды бей-жай қалмауға және мұндай фактілер анықталған жағдайда, дереу 102 нөміріне хабарласуға шақырады.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.