Актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісімен қалай танысқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Айтуынша, алғашында дос ретінде араласқан.
"Дос екенімізді, WhatsApp арқылы сөйлесе беруге болатынын түсіне бастадық. Уақыты да есімде. 10 қаңтар. Өзімді сондай жайлы сезіндім. Өйткені интровертпін. Сондықтан жаныма жақын дос іздедім, сөйтіп, дұғамның бәрі қабыл болды. Бірге киноға бардық, тауға шықтық. Көп сөйлестік, қызық уақыт өткіздік. ...Бір кезде тосыннан одан гүл алдым. "Сенің көздерің шексіз ғарыш" деген жазуы бар. Қызық күй кештім. Бірақ дорамадағы кейіпкерлер сияқты доспыз ғой деп жүрдім", – дейді ол.
Уақыт өте келе олар кездесе бастаған. Ал кейін бірге Үндістанға саяхаттап барған."Тәһəжжүт оқыдым. Құдайдан "менің адамым болса, белгі бер" деп сұрадым. Құдайға тапсырдым. Келесі күні өзім таңғалдым. Дұғаларым қабыл болды. Оған тамақ пісіріп бергім келді. Әдетте тамақ пісірмейтінмін. Бірақ қолымнан келді. Кейін Дубайға ұшып кеттім. Себебі концертке билет сатып алғанмын. Сол кезде алғаш рет сағындым, сүйетін секілді сезімді бастан кешірдім. Үнемі хабарласып тұрдық. Бәрі жақсы болды, бірақ ол жетпеді. Бірге саяхаттағанымызды қаладым. Сөйтіп бір таңғажайып болды. Жұмыспен Үндістанға бірге ұшатынымызды білдім. Екеуміз де таңғалдық. Сөйтіп біраз күннен кейін үйге қайттым. Ол мені күтіп алып, шоколад қосылған құлпынай берді. Бәрі мен жақсы көретіндей: ақ гүлдер. Сол кезде арамызда химия пайда болды. Кейін бірге Үндістанға ұшып бардық. Ресми түрде жұп ретінде бардық. Туыстарымыз бен жақын достарымыз ғана білді. Менің анаммен танысты", – деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.