Reuters агенттігі жапондық жетекші автомобиль корпорациясының өндіріс көлемі тарыла бастағанын жазды. Осы материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz бұның себептерін талдайды.
Дүниежүзілік автомобиль өндірісі мамыр айында 2023 жылмен салыстырғанда төртінші айға қысқарып келеді. Өйткені жалпы әлемдік нарықта өндіріс төмендеуде, сонымен қатар Қытайда жергілікті брендтер күшейіп, бұл елде шетелдік белгілі автоконцерндердің сатылымы төмендеген.
Мамыр айында ғана ғаламдық өндіріс 4%-ға азайып, 812 191 көлікті құрады. Қытайда болса өндіріс 22%-ға бірден төмендеген. Қытайлық брендтердің серпінді дамуы бүкіл әлемдегі автокөлік нарығындағы қатал баға соғысына себеп болды.
Жапондық автоөндіруші Toyota корпорациясының сатылымы Таиланд, Мексика, Бразилия және Франция сияқты нарықтарда да төмендеген. Тек АҚШ пен Жапонияда ғана өнім көлемі артқан.
Toyota-ның жаһандық сатылымы бір айда небәрі 0,3%-ға өсті, АҚШ пен Еуропа сияқты шетел нарықтарындағы өсім Қытайдағы сатылымның төмендеуін біршама ғана жеңілдеткен. Біз келтірген сатылым және өндіріс деректеріне люкс бренді Lexus та кіреді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.