Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына қатысты жаңалықпен бөлісті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі жақында денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскен болатын. Айтуынша, қазір жағдайы бірқалыпты.
"Ал өз жағдайымды айтсам, шүкір, тәуірмін. Бірқалыпты. Кешкісін мені осындай палатаға алып келді, бұл басқа блокта орналасқан. Мына токтардың барлығын қазір менің басыма орнатады. Осы токтармен ұйықтауым керек. Токтар арқылы түні бойы мидың қалай жұмыс істейтінін анықтайды екен. Соңғы тексерістерден өттім, енді басқа емханалардан алатын ем бар. Бұйыртса, ол да өз уақытымен. Сонымен, уайымдайтын диагноз емес (ашып айта алмаймын). Бастысы ешқандай ота қажет емес. Екі апта бойы хирургтар ары қарап, бері қарап "сіз бізге мұқтаж емессіз" деді. Ертең үйге ораламын, жұмысқа кірісемін", - деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.