Мәжілістің екінші сессиясы барысында екі палатаның қарауында 179 заң жобасы болып, оның 102-сі қабылданған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов айтты.
«Мемлекет басшысының жылдағы Жолдауларын, Президенттің сайлауалды бағдарламасын, Ұлттық құрылтайда қабылданған шешімдерді іске асыру депутаттық корпус қызметінің негізгі өзегіне айналды. Осыған байланысты екінші сессияның заңнамалық күн тәртібі де мазмұнды болды.
Палаталардың 5 бірлескен отырысы, Мәжілістің 39 жалпы отырысы және Сенаттың 43 жалпы отырысы өтті. Сессия барысында екі палатаның қарауында 179 заң жобасы болды. Оның 102-сі қабылданды. Сессия барысында депутаттар бірқатар маңызды заң жобасы бойынша Үкіметпен бірлесе жұмыс істеді. Біз басты қаржы құжатын – республикалық бюджетті қабылдадық», – деді Мәжіліс спикері.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.