Ұлыбритания азаматы Алматы тауларында адасып кетті

ҚР ТЖМ бүгін жоғалған шетелдікті кинологтар тапқанын хабарлады.

Ұлыбритания азаматы Алматының таулы аймағында адасып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бүгін Алматы облысының Ақтас үстірті ауданында таулы жерлерде республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздестіру жұмыстары барысында жоғалған британ азаматын тапты", – делінген хабарламада.

Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есебі жұмылдырылды. Жоғалған адамға медициналық көмек қажет болмаған.