Ресейлік хакерлер Microsoft-қа шабуыл жасады

Ресейлік хакерлер Microsoft корпорациясының жүйесін бұзып, осы жылдың басында қызметкерлердің пошта жәшіктеріне тыңшылық жасаған. Сонымен қатар қаскөйлер корпорацияның өнімін тұтынушылардың электрондық пошталарынан хаттар ұрлаған.

Microsoft корпорациясының өнімдеріне шабуылдардың күшейгенін Reuters хабарлады. Aikyn.kz осы мақалаға сілтеме жасай отырып, корпорацияның қауіпсіздік жүйелерін күшейтуге арналған шараларын талдайды.

Корпорацияның қауіпсіздігі мен Microsoft жүйелерінің осалдығына АҚШ-тың саяси билігі де, қарапайым пайдаланушылар да алаңдай бастады. Фото news.sophos.com сайтынан алынды

2023 жылы Microsoft корпорациясының ресурстарын бұзған қытайлық хакерлік топ АҚШ үкіметінің мыңдаған электрондық пошталарын ұрлаған еді.

Бұл жолғы оқыс оқиға туралы технологиялық алпауыт бейсенбіде (27 маусым) шабуыл туралы алғашқы хабарламалар шыққан соң алты айдан кейін мәлімдеді. Мұндай ақпаратты ашу Microsoft корпорациясының бағдарламалық жасақтамасы мен жүйелерінің шетелдік қауіптерден қорғалуына қатысты үкіметтің реттеуші ұйымының қатал бақылауынан кейін болды.

Microsoft корпорациясының хакерлік шабуылға қатысты айыптауларына Ресей үкіметі жауап бермеді. Фото nbcnews.com сайтынан алынды

Ресей үкіметі Microsoft корпорациясының хакерлік шабуылға қатысты айыптауларына жауап бермеді, бірақ Microsoft бұл жолы шабуылдаған қаскөйлер ресейлік хакерлік топты тергеген киберқауіпсіздік зерттеушілерін нысанаға алғанын мәлімдеді.

«Осы аптада біз Midnight Blizzard хакерлер тобы бұзған Microsoft корпоративтік электрондық пошта тіркелгілерімен байланысқан тұтынушыларға ескертулерді жіберуді жалғастырамыз», – дейді Microsoft өкілі. 

Microsoft бұзылған электрондық пошталар туралы ақпаратты тұтынушыларымен бөліскенін айтты, бірақ қанша тұтынушы зардап шеккенін немесе қанша электрондық пошта ұрланғанын айтпады. «Бұл бұрыннан хабардар етілген тұтынушылар үшін толығырақ ақпарат, сонымен қатар жаңа хабарландырулар бар. Тергеу жалғасып жатқанда, біз тұтынушылармен ақпаратты бөлісуге дайынбыз», – деді корпорацияның баспасөз хатшысы.

Батыстың «бәріне Ресей кінәлі» деген көзқарасын мына әзіл «Раша виноваша» видеосы да дәлелдейді:

Қаңтар айында Microsoft корпорациясы Midnight Blizzard хакерлері корпоративтік электрондық пошта тіркелгілерінің «өте аз бөлігіне» қол жеткізгенін айтты. Төрт айдан кейін бұл хакерлер әлі де шабуылдарын жалғастырған.

Бұл корпорацияның қауіпсіздік саласы мен Microsoft жүйелері неге осал болып қала беретініне таңғалған клиенттердің алаңдаушылығы күшейткен.

Мұндай шабуылдар АҚШ-тың саяси билігін де ойландыруда, Конгресс бұл мәселелер бойынша арнайы тыңдау да өткізген. Онда Microsoft президенті Брэд Смит компания өзінің қауіпсіздік шараларын күшейтумен айналысып жатқанын айтты.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.