БҚО-да ер адам көлік дөңгелегінің астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz Мой город сайтына сілтеме жасап.
БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 29 маусымда сағат 03:26-да Бөрлі ауданының Ақсай қаласында «Лада Приора» көлігінің жүргізушісі «Гүлдер галереясы» дүкенінің алдында, Теміржол көшесімен келе жатып жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Жаяу жүргінші жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өтпек болған. ЖКО нәтижесінде ол алған жарақаттарынан жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу жүргізілуде», — деп түсіндірді ведомство.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.