Германияда көз жұмған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваны Алматыда жер қойнына тапсырды. Бұл туралы Kazinform тілшісіне марқұм Айгүлдің ағасы Жанат Сайлыбаев мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Еске сала кетейік, зорлықпен өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті Германиядан табылған болатын.
Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Германияда жоғалды делінген Қазақстан азаматшасы Айгүл Сайлыбаеваның өлі табылғанын растады.
Артынша неміс полициясы ҚР азаматшасы Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты түсінік берген еді.
Германияда өлі табылған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның қолынан, мойнынан және бетінен пышақ жарақаты табылған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.