Павлодар облысы орталығындағы көшелердің бірінде скутер ЗИЛ көлігімен соқтығысқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Скутер жүргізушісі көшеде ЗИЛ көлігімен соқтығысқан. Ол алған жарақаты салдарынан сол жерде көз жұмды. Аталған оқиға бойынша тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Департамент өкілдері.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.