Әйгілі Хәрри Поттер кітабы қазақша жарық көрді
Әйгілі Хәрри Поттер кітабы қазақша жарық көрді
© Almaty.tv
470
оқылды
Әлемдік бестселлер үлкен-кішіге бірдей қызық болуы -қазақ тілінінде жарық көруіне себеп болып отыр. Ерекше ертегі әлемге толы хикаяның 7 томы бар. Әзірге алғашқы сериясы оқырманға жол тартты. Алдағы уақытта барлық бөлімдері тұпнұсқадан қазақ тіліне аударылады, - деп хабарлайды Almaty.tv. Британдық жазушы Жоан Роулин қиялынан туындаған сиқыршы бала Хәрри Потер және оның әлемі туралы оқиғалар кімге болмасын қызық. Балалар әдебиеті болғаннан кейін аурдамашылар мазмұнының жеңіл әрі түсінікті болуын басты назарға алған. Сатылымнан түскен қаражатты әлемдік деңгейдегі дүниелерді қазақ тіліне аударуға жұмсаймыз дейді баспахана басшысы. «Бұл біз үшін де, балалар үшін де қуанышты жағдай деп ойлаймын. Себебі балалар түгілі бүгін біз командамызбен толқып отырмыз. Мен үшін жауапкершілігі жоғары болды, себебі, әлемге танымал серия ғой», - деді баспа орталығының басшысы Райса Қадыр.