Қазақстандық «классиктер» Азия чемпионатында үздік атанды

23 жасқа дейінгі балуандар бәсекесінде біздің спортшылар үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль иеленді.

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық «классиктер» үздік атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 23 жасқа дейінгі балуандар бәсекесінде біздің спортшылар үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль иеленді. 

Ербол Камалиев (55 келі), Нұрсұлтан Базарбаев (63 келі) және Мерей Мәулітханов (72 келі) өз салмақтарында топ жарды. 

Диас Әскебай, Расул Жүніс, Әлмир Төлебаев пен Мақсат Сайлау жарысты күміспен аяқтады. 

Ал Бақдәулет Азамат пен Асылбек Жәнібекұлының еншісінде қола жүлде бар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.