Еліміз бойынша орта есеппен ұсақ қанттың бір келісі 2021 жылы 274 теңге болса, биылғы жылдың мамыр айында 420 теңгеге шыққан.
Биылғы жылдың қаңтар айынан мамыр аралығында елімізде өндірілген қант көлемі – 39,6 мың тонна. EnergyProm сарапшылардың мәлімдеуінше, бұл – соңғы төрт жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
– Мамыр айында қанттың бағасы тағы қымбаттады. Әрине, бар-жоғы 0,1 пайызға ғана десек те, бұл тоқтаусыз өсім үш ай қатарынан жалғасып жатыр, Қанттың бағасы 3 пайызға өссе, сәуір айында 3,7 пайызға қымбаттаған. Алдағы уақытта бұ бағаны ұстау да қиындауы мүмкін, – дейді сарапшылар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.