Танымал әнші Серік Ибрагимов кинопродюсерлікке бет бұрып, бүгінде тырнақалды туындысын түсіріп жатыр. Өнер иесі "Заман-Back" атты фильміне қолдау білдіріп, жобасына демеушілік еткен жандарды атады. Соның арасында әнші Мейрамбек Бесбаев та бар.
Серік Ибрагимовтың айтуынша, өнердегі ағасы Мейрамбек жаңа бастамасын қолдаған.
– Осыған дейін жинаған абыройымыз бар. Мейрамбек ағамыз қолдап, ақыл-кеңесін беріп, таныс-тамырларынан белгілі бір мөлшерде қарыз алып, көлігімізді саттық. Жоқтан бар жасап, кино түсіріп жатқан жайымыз бар. Ауылда Абзал Атағожаев деген інім бар. Үш-төрт жыл ақша жинап, 2022 жылғы көлік сатып алған. Кореядан 12 жарым миллионға алыпты. Соны бір ай ғана жүргізіп, мен үшін сатып жіберді", – деді әнші "Revue News" бағдарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.