«Дәретін ішкізіп, нәжісін жегізді»: Қатыгез емшінің тұңғышы әкесінен көрген қорлығы туралы айтып берді

Көкбұлақ ауылында емші Ұлықбек Сманов балалар үйінен алты баланы асырап алып, үш жыл бойы қорлап келген.

"Асырап алған балаларын азаптады" деп айыпталған шымкенттік емшінің тұңғышы әкесінен көрген қорлығын баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ол "Көреміз" бағдарламасында айтты, деп жазды sn.kz. Көкбұлақ ауылында емші Ұлықбек Сманов балалар үйінен алты баланы асырап алып, үш жыл бойы қорлап келген. Асырап алған ата-анасынан адам айтса сенгісіз қорлық көрген балалардың үлкені біраз шындығын айтып берді.  

“Әкем жиі қол көтеретін. Қойлар жоғалса, мені ұратын. Таңда тұрғызып, малға шөп салғызатын. Басымды жарып, өзінің дәретін ішкізді. Ол үйде жүре бергенде менің жағдайым қиын болатын. Күн сайын ауыр жұмыстар істеткізетін, тек сабаққа кеткенде ғана сәл демалатын едік. Сабақтан келген бойда малдың шөбін салып, қораға кіргізетін. Қыста малдар өліп қалса, етін бізге сойып беретін. Бәріне бізді кінәлайтын. Малға бірдеңе болса бізді таяқтың астына алады. Бір күні өлген иттің етін де жегізді. Үйдегі төрт баланың қолын байлап қояды. Жан-жаққа кетіп, ойнап кетпеуі үшін қолдары байлаулы жүретін. Көрші адамдар көрді. Бауырларым дәретін жіберіп қойса, нәжісін жегізетін еді”, – деді бала.

16 жастағы баланың бойындағы өзгерістерді мектептегі сыныптастары да мұғалімдері де байқамаған. Тіпті ата-аналар жиналысына келіп отырған әкенің де психикалық сырқатын байқамаған.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, Смановқа қатысты тергеу аяқталды. Сот шешімімен бала асырап алу мен қамқоршылық жойылған бойда балалар әртүрлі қалалардағы балалар үйіне жіберіледі.

Бұған дейін Шымкентте асырап алған 6 баласын қорлаған емшіге  сот үкімі шыққанын жазған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.