Tomiris жобасы: 2024 жылға өтінімдер қабылдау басталды

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы әйелдердің саяси шешімдер қабылдау процесіне қатысуын кеңейтуге бағытталған Tomiris атты әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту бойынша партиялық жобаға қатысуға үміткерлердің құжаттары қабылдана бастағаны туралы хабарлайды.

Tomiris партиялық жобасы аясында жоғары көш­басшылық әлеуеті бар және жергілікті өкілді орган­дардың тетіктері арқылы өз бастамаларын ілге­тілетуге дайын белсенді әйелдер оқиды. 

Бұл маусым барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттық қызметі аясында саяси бастамаларға жол ашу мен жүзеге асыру төңірегінде өтпек. Оқу аймақ­тарды әлеуметтік-экономикалық дамыту мақ­сатында саяси бастамаларды тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін дағ­ды­ларды, білім мен құзыреттерді дамытуға бағыт­талған. 

Алматы қаласында үш күндік оқу бағдар­ламасынан өту үшін Қазақстанның барлық ай­мақтарынан 40 қатысушы іріктеледі. Оқу көш­басшылық, сая­­сат­тағы гендерлік мәселелер, Қазақ­стан саясаты және транс­формациялануы, көпшіліктің алдында сөз сөй­леу, жобалық ме­неджмент әдістері, ойлау дизайны бо­йын­ша модульдерді қамтиды. Бағдарлама бары­сында Қазақстан мен Германияның көрнекті саяси қызмет­керлермен кездесулер көзделген. Оқудың қоры­тын­дысы бойынша қатысушылар өз өңірлерінің әлеу­мет­тік-экономикалық проб­лемаларын шешуге ықпал ететін, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын артты­руға бағыттал­ған өз бастамаларын жүзеге асыру үшін құралдар мен тәсілдерге ие болады. 

Қатысушылардың жолақы және Алматы қа­ласында тұру шығындары ұйымдастырушылардың есебінен өтеледі. Бұл жобаға басшы лауазымдарында, ұйым­дастырушылық жұмыс тәжірибесі бар, әлеу­меттік-экономикалық және саяси жобаларды жүзеге асыруға атсалысқан, жоғары кәсіби, іскерлік қа­сиеттері мен көшбасшылық әлеуеті бар әйелдер қа­тыса алады.

Байқауға өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін толық құжаттар топтамасын тапсырған, 1-8-ша­қырылымдағы барлық деңгейдегі мәслихат­тардың әйел депутаттары қатыса алады.

Хаттың тақырыбында «Tomiris / Аты-жөні / аймақ» деп жазып, электрондық поштамен (info@apm.amanatpartiasy.kz) мына құжаттарды жолдау қажет:

- жеке куәлік көшірмесі;

- Youtube платформасында орналастырылған бейне-презентация, тақырыбында қатысушының аты-жөні мен өңірі көрсетілуі тиіс, ұзақтығы 60 се­кунд­тан артық емес (60 секундтан асып кеткен бейне­роликтер іріктеуге қатыспайды);

- түйіндеме/CV;

- жұмыс орны басшысының және мәслихат хатшысының, аймақтық партия филиалы басшы­­сының қолы қойылған, еркін нысанда екі ұсыным хат. 

Конкурстық комиссия қатысушыларды ұсы­нылған құжаттарды (түйіндеме, бейне-презентация) бағалау және онлайн-әңгімелесу қорытындысы бойынша іріктейді. 

Іріктеу шарттары: барлық деңгейдегі мәсли­хаттар­дың бұрынғы және қазіргі депутаттары, қойылған сұрақтарға жауаптары бар презентация, әлеуметтік маңызды проблемалар бойынша бастамалардың/жобалардың болуы. 

Әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту бойын­ша Tomiris партиялық жобасы ҚР Президенті жанын­дағы Әйелдер істері және отбасы-демо­графия­­лық сая­сат жөніндегі ұлттық ко­мис­сияның және Кон­­рад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен іске асырылуда.