Жазғы кезеңнің басталуымен елорда жолдарында мопедтер мен самокаттарды басқаратын жүргізушілер көбейді. Олар көп жағдайда ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзып жатады, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты El.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері полицейлер 2 900-ге жуық мопед жүргізушілері мен 1 000-нан астам самокат жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартты. 1 000-нан астам мопед пен 150-ден астам самокат коммуналдық тұраққа қойылды.
Мопед жүргізушілерінің қатысуымен 99 ЖКО, электр самокат жүргізушілерінің қатысуымен 9 ЖКО тіркелді. Мысалы, кәмелетке толмаған 16 жастағы жасөспірім Момышұлы даңғылының қиылысында Майлин көшесінде мопедпен келе жатып, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, Hyundai Accent автокөлігімен соқтығысуға жол берген. ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған жүргізуші мен мопед жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.