«AMANAT»: Мәжіліс депутаттары азаматтардың арыз-шағымын тыңдады

Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов, Мұрат Абенов және Мұрат Ергешбаев Сыр өңіріндегі жұмыс сапары барысында қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партияның қалалық филиалының төрағасы Ибадулла Құттықожаев, қала әкімдігінің сала басшылары және жауапты мамандар қатысты. 

«AMANAT» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракция мүшесі Мұрат Абенов Қызылорда қаласына жұмыс сапары барысында қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.  Қабылдауға қала әкімдігінің сала басшылары және жауапты мамандар қатысты. 

 

Қабылдауда тұрғындар тарапынан: 

– Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңның дұрыс жұмыс жасамауы;

– Тұрғын үй кезегі мәселесі;

– Агроөнеркәсіп саласын дамыту бойынша алатын несие құжаттарына құқықтық кеңес көрсету;

– Шұлық шығаратын өндіріске қолдау көрсету және тағы басқа сауалдар жолданды.

Азаматтардың сауалдары бойынша фракция мүшесі тиісті сала басшыларына тұрғындар өтінішін жеткізіп, мәселелерді шешугі ықпал ететіндігін жеткізді.

«AMANAT» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракция мүшесі Мұрат Ергешбаев Қызылорда қаласына жұмыс сапары барысында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға облыс және қала әкімдігінің сала басшылары, жауапты мамандар қатысты. 

 

Қоғамдық қабылдауда тұрғындар тарапынан:

– Қызылорда-Сексеуіл-Абай аралығында қаламаңы жолаушылар пойызын жүргізуді қарастыру;

– Түркістан-Сексеуіл аралығында жүретін «Тальго» жүрдек пойыздарына темір жол бойында жүретін төрт түліктердің қауіп тудыруы. Осыған байланысты сала мамандарымен бірлесіп елді мекен тұрғындарына тиесілі үй жануарларын қараусыз қалдырмау, темір жол бойына шығармау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

– Қызылорда облысындағы темір жол бойында орналасқан, халық көп шоғырланған жерлерге жаяу жүргіншілер көпірін орнату мәселесі;

– Мал шаруашылығына байланысты жайылымдық жер беру;

– Жұмыссыздық және банкроттық мәселелері бойынша сауалдар жолданды.

Азаматтардың талап-тілегі бойынша фракция мүшесі тиісті орындарға хат жолдап, бірқатар мәселелерді жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді.

«AMANAT» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракция мүшесі Мархабат Жайымбетов Қызылорда қаласына жұмыс сапары барысында қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.  Қабылдауға облыс және қала әкімдігінің сала басшылары, жауапты мамандар қатысты. 

 

Қабылдауда тұрғындар тарапынан:

– Көпбалалы ана есебінен мемелекеттен алған пәтерге тіркеуге тұру;

– Денсаулық жағдайы жайлы;

– Сабалақ саяжайына көгілдір отын кіргізу;

– Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесі;

– Қоғамдық көлікте ІІІ топ мүгедектеріне жеңілдік қарастыру және тағы басқа мәселелер жолданды.

 Азаматтардың өтінішін тыңдаған халық қалаулысы тұрғындар тарапынан жолданған сауалдарға сала мамандарымен заң аясында жауап беріп, бірқатар мәселелерді жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Қабылдау барысында тұрғындар Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтар жайы, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, темір жол салалары бойынша талап-тілектерін білрідіп, заңнамалық тұрғыда кеңес алды.