Бұл туралы ақпарат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
"Energy Solutions Center ЖШС-де орын алған авариялық жағдайға байланысты Екібастұз қаласында объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын", - делінген құжатта.
Төтенше жағдай режимі 1 шілдеден бастап қолданылған.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, биыл маусымда Екібастұз ЖЭО "Самұрық-Энерго" АҚ-ның арнайы құрылған еншілес компаниясы Energy Solutions Center ЖШС сенімгерлік басқаруына берілген. Былтыр станцияда негізгі және қосалқы жабдықтарға ауқымды жөндеу жүргізілді. 10 қазандықтың 8-і күрделі жөндеуден өтті, тағы екеуі ағымдағы жөндеумен қамтылды, бұл жылыту маусымында іркілістердің алдын алуға мүмкіндік берді.
"Жүргізілген жөндеу науқаны мен "Самұрық-Энерго" АҚ талдауын ескере отырып, Екібастұз ЖЭО-да №5 қазандық агрегатына күрделі жөндеу және "Самұрық-Энерго" АҚ қаражаты есебінен №9 қазандыққа ағымдағы кеңейтілген жөндеу жүргізу қажет", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.