Жетісу облысында жел ұшырып кеткен үш турист құтқарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, катамаранмен су үстінде жүзу үш азамат үшін қауіпті жағдайды күшейте түсті. Туристер Алакөл көлінің жағалауынан алыс жүзіп кеткен. Сол сәтте желдің күшеюіне байланысты демалушылар жағалауға өздігінен жете алмады.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке келіп, оларды жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.