Алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн күркіреп, бұршақ жауып, жел соғады, – деп жазады Aikyn.kz.
"5 шілдеде солтүстік-батыста, 5-6 шілдеде солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста, 4-6 шілдеде елдің шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіліп отыр", – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, елдің батысында күндіз +33+43 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.