Қазақстандағы танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұшақта шу шығарып, бортсерікпен кикілжіңге келген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
– Елге ұшып келемін. Отбасымызға аман-есен оралайық! Қатты қуанып келе жатырмын. Елге сағынып жетемін. Қыдырған жақсы, үйің болған одан да жақсы. Ұшақта адам аз екен. Жаңа ұйықтаймын деп отыр едім. Бортсерік қызбен ұрсысып қалдым. Неге дейсіздер ме? Мен одан екі түрлі дәм сұрадым. Бірі – сиыр еті, екіншісі ащы «тауық еті». «Бізде ол қалмады, бітіп қалды» деп тұр. Ұшақта адам аз. Қалай бітіп қалады?! Түсініксіз. Біз не үшін бизнес класпен ұшамыз?! Қазақстанда да осындай мәселе алдыңнан шыға береді. Негізі аш та емеспін. Өйткені үйге барған сайын келіндерім сүрленген етін асып, күтіп алады. Сонда да бұлардың тірліктеріне таңғалдым, ашуландым. Ақшаны алғанда бәледей өздері. Осы ұшаққа мысалы үшін, 455 мыңға билет алдым. Енді соны қалайша реттемейді бұлар?! Сол ақшаның ішіне тамақты неге кіргізбейді? Бұлардыкі мүлдем дұрыс емес.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.