Тасқын нәтижесінде Каспий теңізінің деңгейі 119 см-ге көтерілді

Су тасқыны қарсаңында барлық су арнасы тазартылды.

Тасқын уақытында Жайық өзенінен Каспийге құйылған су көлемі 350 млн текше метрге жетті.

"Қазсушар" РМК Атырау облысы филиалы мамандарының айтуынша, Каспий теңізі төрт Су Арнасы - Бақсай, Нарын, Сарыөзек және Соколок арқылы толған. Сәуірден мамырға дейінгі су тасқынының арқасында жүздеген гектар шабындық және жайылымдық жерлер ылғал алды. Бұл фермерлерге мал азығын жеткілікті мөлшерде дайындауға мүмкіндік берді. 

"Қазсушар" РМК АОФ филиалының директоры Асланбек Рысжановтың айтуынша, тек Қызылқоға ауданында үлкен су 18 мың гектарға, Махамбет ауданында 3 мың гектар жерге құйылған. 

«Су тасқыны қарсаңында барлық су арнасы тазартылды. Соның арқасында үлкен су арналар мен сайлар арқылы жайылымдар мен ауылшаруашылық жерлеріне құйылды. Су деңгейі тұрақтанғаннан кейін біз халыққа сорғы техникасының көмегімен су беруге кірістік», - деді Асланбек Рысжанов. 

Айта кетейік, су ресурстары және ирригация министрлігінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде Каспий теңізіне барлығы 7,4 млрд текше метр су жіберілді. Осының арқасында Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің деңгейі 119 см-ге көтерілді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.