Қандай дәрі-дәрмекті тегін ала алмайтыныңызды білесіз бе?

Барлығы 32 ауруды емдеуге тағайындалған препараттарды тізімнен алып тастау жоспарланып отыр.

Тегін дәрі-дәрмек тізімінен 38 препарат алынып тасталды, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Мұндай бұйрық жобасы Денсаулық сақтау министрлігінде әзірленді. Бұрын амбулаториялық емделуге жеңілдікпен берілген дәрі-дәрмектерді енді пациенттер тегін ала алмайды. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылған препараттар тізімінен мыналарды алып тастауды ұсынылды:

«Омепразол»,

«Амоксицилин»,

«Кларитромицин» (және тағы үш позиция).

МӘМС аясында ересектерді емдеуді жоспарламайтын дәрі-дәрмектер тізімінде:

«Азитромицин»,

«Фамотидин»,

«Карбамзепин»;

«Ацикловир» көзге арналған жақпа және басқалар.

МӘМС жүйесі бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға бұдан былай тегін берілмейді:

«Ранитидин»,

«Мультифермен»,

«Ибупрофен»,

«Парацетамол» (және басқа дәрілер).

Барлығы 32 ауруды емдеуге тағайындалған препараттарды тізімнен алып тастау жоспарлануда.

«Өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтін 32 нозология алынып тасталды (өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер ететін басқа созылмалы ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ұлғаюымен)», - деп түсіндірді жоба авторлары түсіндірме жазбада.

Препараттардың толық тізімін «Ашық НҚА» порталынан табуға болады. Жобаны көпшілік талқылауы 18 шілдеге дейін жалғасады.