11 наурызда теңгенің долларға қатысты бағамы қандай болатыны белгілі болды

11 наурызда теңгенің долларға қатысты бағамы қандай болатыны белгілі болды

Ұлттық банктің баспасөз қызметі 11 наурызда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қаржы институтының мәліметінше, Ұлттық банктің 2020 жылдың 11 наурызындағы ресми бағамы 393, 60 теңге.

Айта кетейік, бүгін сағат 17.00-дегі жағдай бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 394 теңгеге тең болды.
Kurs.kz мәліметінше, Нұр-Сұлтанда ақша айырбастау орындарында доллар 396,5 теңгеден сатылып жатыр.