4 шілде күні Есіктегі жанармай құю бекетінің маңында екі жігіт сөзге келіп қалған. Оның аяғы адам өліміне әкелген. Ер адам екіншісін 12 рет пышақтаған, салдарынан 1995 жылғы жігіт оқиға орнында қаза тапты.
Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы іске байланысты мәлімдеме жасап, іс қозғалғанын айтты.
– Кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген мәліметте.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.