БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыс 2024 жылдың 28-29 маусымына қараған түні орын алған, – дейді Aikyn.kz сайты www.uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгісіз адам қала орталығында орналасқан кеңселердің біріне кіріп, 1 миллион теңгеге жуық ақшасы бар темір сейфті ұрлап кеткен.
Бірнеше күн ішінде БҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстай алды.
Қазір бұл қылмысқа қатысы бар 26 жастағы жігіт уақытша ұстау изоляторында қамауда. Одан ұрланған сейф тәркіленді.
БҚО ПД баспасөз қызметі жыл басынан бері БҚО-да бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша 491 қылмыс жасалғанын, олар бойынша ашылу деңгейі 79,3% құрағанын түсіндірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.