5 шілде күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Марат Башимов, Татьяна Савельева, Дүйсенбай Тұрғанов пен Снежанна Имашева «Астана-Энергия» АҚ-на барып, жұмыс қарқынымен танысып, қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Іс-шара «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жергілікті жерлерде іске асыру аясында қолға алынған. Жоспарланған объектілердің сапалы әрі жүйелі жұмыс істеуі партия бақылауында.
Айта кетейік, елордамызда соңғы 2-3 жылдықта қала тұрғындары санының күрт өсуі мен қала құрылысының қарқын алуы айқын байқалады. Бұл өзгерістер қалада айтарлықтай күрделі мәселелерді туындатып отыр. Қала тұрғындарын энергиямен, жылумен қамтамасыз ету – маңызды мәселелердің бірі.
Жыл сайын елордада 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй және коммерциялық алаңдар пайдалануға беріледі. Халық саны жыл сайын 50 мыңнан астам адамға артып келеді. Әлеуметтік салалар мен бизнес нысандарының саны өсуде. Сондықтан, құрамында ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, ТЭЦ-3, «Оңтүстік-Шығыс» ГЖС, «Тұран» ГЖС және аудандық қазандықтары бар «Астана-Энергия» АҚ-ның жүйелі жұмысы, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуы, жылу маусымына толық дайындалуы – кезек күттірмейтін іс.
«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында ТКШ жаңғыртуға қатысты бөлім бар. Біз халыққа бүкіл елдегі жылу және энергия нысандары жаңғыртылады деп уәде бердік.
Энергетика саласында бірқатар проблемалар бар. Коммуналдық жайлылық және оны күтіп ұстау өте қымбат. Мұнда азаматтың қалтасына салмақ салмай, шаруашылық та нормалар бойынша жұмыс істейтіндей шешім шығару қажет», – деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева.
«Астана-Энергия» АҚ қаланың электр жүктемесінің 70%-ын орындап отыр. Қалған 30% электр энергиясы «KEGOC» АҚ жүйелік операторының ҰДО электр қуатын реттеу есебінен жабылады.
ЖЭО-3 II кезегін іске қосу нәтижесінде Астана қаласының электр жүктемесінің жетіспейтін бөлігін жабу мүмкіндігі бар, онда 2 бу қазандығы мен 240 МВт электр қуаты бар 2 турбоагрегат орнатылмақ. Айта кетейік, «Астана-Энергия» АҚ жылына 4 млрд кВт электр энергиясын өндіреді.
Бүгінгі таңда «Астана-Энергия» АҚ Энергия объектілерінің қолда бар 3 854 Гкал/сағ жылу қуаты қаланың жылу жүктемесін толық көлемде қамтамасыз етіп отыр.
«Астана-Энергия» АҚ квазимемлекеттік сектордың кәсіпорны болғандықтан өзге де рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесімен шектейді. Бүгінгі таңда «Астана-Энергия» АҚ үшін электр және жылу энергиясын өндіру, кәсіпорынның құбырлары бойынша суды бөлу секілді рұқсат етілген қызмет түрлері белгіленген. «Астана-Энергия» АҚ кәсіпорындарының өндірістік қызметі барысында негізгі қызмет түрлерімен технологиялық байланысты ілеспе қосымша қызмет түрлерінің тізбесінде өзге де қызмет түрлерін кеңейту қажеттілігі бар», – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов.
«Астана-Энергия» АҚ өкілдері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарынан квазимемлекеттік сектордағы электр және Жылу энергетикасы саласындағы кәсіпорындар үшін негізгі қызметтің ілеспе түрлерімен рұқсат етілген, келесі қызмет түрлеріне рұқсат беру мәселесін шешуге жәрдем көрсетуді сұрап отыр:
1. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Экологиялық кодексі талаптарының нормаларын сақтау үшін қайталама шикізат нарығында қайта пайдалануға жарамды «Астана-Энергия» АҚ өндірістік қызметі процесінде түзілетін қалдықтарды (микросфера, металл сынықтары, пайдаланылған майлар және басқалар» өткізуге;
2. Негізгі және қосалқы жабдыққа одан әрі орната отырып, ЖЭО өндірістік цехтары үшін қосалқы бөлшектер мен бөлшектерді дайындау және қалпына келтіру қызметтерін көрсету үшін «Астана-Энергия» АҚ аумағындағы бейінді бөгде ұйымдарға үй-жайларды жалға беруге;
3. Бейінді бөгде ұйымдарға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің жұмыскерлер үшін ауқаттану жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі нормаларын орындау шеңберінде «Астана-Энергия» АҚ Энергия өндіруші объектілерінің асханалық үй-жайларын жалға беруге;
4. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ Заңының осы Заңда қабылданған табиғи монополиялар салаларына жататын реттеліп көрсетілетін қызметтер тізбесі бөлігіндегі нормаларға сай қылуға мүмкіндік беретін Кәсіпорынның теміржолдарын пайдалануға.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.