Қазақстан командасы әртістік жүзуден әлем кубогында жүлдегер атанды

Алтын медаль Испания, қола жүлде Италия спортшыларына бұйырды.

Әртістік жүзуден Венгрияның Будапешт  қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің финалында Қазақстан қоржыны күміс жүлдемен толықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аралас жұптық сында Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы күміс медаль еншіледі. Олар 139.7150 ұпай жинаған. 

Алтын медаль Испания, қола жүлде Италия спортшыларына бұйырды.

Айта кетелік, Ким мен Болатова жұбы биылғы маусымдағы кубоктік кезеңдерде бірнеше рет жүлдеге ілігіп, әлем чемпионатында топ жарған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.