Бұл жөнінде Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Жанарбек Әшімжан мен Максим Рожиннің Алматы облысындағы қоғам қайраткерлерімен кездесуі барысында айтылды.
Өңірдегі шаруалар орман қоры мен ұлттық парктердің кейбір жер учаскелерін жайылым жер санатына ауыстыру туралы бастама көтерді. Бұл қадам жеке қосалқы шаруашылықтар мен фермерлік кәсіпорындардың жайылымға қатысты мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Халық қалаулылары бұл мәселені экологияға зиян келтірмеу үшін сарапшылармен және бейінді ведомстволармен зерттеп, зерделеу қажет екенін атап өтті.
Айта кетейік, «Жер аманаты» комиссиясы атқарған жұмыс арқылы былтыр Алматы облысы бойынша 224 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.