Еркін күрестен Азия чемпионы, Азия біріншілігінің қола жүлдегері, Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Талғат Сырбаз допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Енді ол 2024 жылдың 30 сәуірінен, 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, Талғат Сырбаз республикалық күрес түрлері федерациясының шешімімен 9-12 мамыр аралығында Түркия елінде өткен әлемдік Олимпиадаға іріктеу жарысына қатысуға мүмкіндік алған болатын.
Алайда, денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмаған болатын.
Ол осыған дейін халықаралық жарыстарда ел намысын 74 келі салмақта қорған келген еді.