Құжат қоғам талқысына шығарылды. Жаңашылдыққа сай, сынақтан сүрінбей өту үшін кемінде 60 ұпай жинау қажет. Емтиханда қазақ тілінен тыңдалым бойынша 20, оқылым бойынша 40 сұрақ қойылады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Cондай-ақ ел азаматы болғысы келетіндердің Конституция негіздері мен Қазақстан тарихы бойынша да білімдері бағаланады. Тестілеуге барлығы 2 сағат 10 минут уақыт беріледі.
Мына тұлғалар сынақтан босатылады:
кәмелетке толмағандар;
әрекетке қабілетсіз тұлғалар;
Қазақстанға сіңірген ерекше еңбегі немесе қажетті кәсібі бар тұлғалар;
этникалық қазақтар;
халықаралық шарттар бойынша азаматтықты жеңілдетілген алу құқығы бар адамдар.
Тестілеуге өтінімдер белгілі бір кезеңдерде қабылданады:
10 қаңтардан 20 қаңтарға дейін;
10 сәуірден 20 сәуірге дейін;
10 шілдеден 20 шілдеге дейін;
10-20 қазан аралығында.