Ол басынан өткен жағдайды қылжаққа бұрып, көрерменді күлкіге қарық қылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тұрсынбек Қабатовтың концерт қойғаны жайлы әзілкештің әйелі Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасында мәлімдеді. Концерттен үзінді видео салып:
“Көрерменге деген құрметі қандай десейші! Бүгінгі концерттен үзінді. Халық жақсы көрмесе зал лық толмас еді. Барлық келген көрерменге мың алғыс! Айтпақшы, айта кетейінші, сынақ болуы болды ғой. Менің байқағаным, халық тарапынан қолдаушылар саны көп болды. Жақсы жазған жандар, сіздерге жақсылық еселеніп келе берсін», – деп жазды.
Тұрсынбек Қабатов болса, басынан өткен жағдайды әзілге айналдырып, көрерменді қыран-топан күлдірген:
“Осы концертке өте мұқият дайындалдым. Бес күн дайындалдым. Арнайы, телефон, бәрін өшіріп тастадым. Ешқайда шықпай дайындалдым. Бүгін енді Қайрат кетті, барып концертіне дайындалады», – деді Тұрсынбек Қабатов.