Әнші Мақпал Исабекова екінші сәбиін өмірге әкелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
40 жастағы әнші желідегі парақшасында перзентханадан сурет жариялап, қуанышты жаңалығын жеткізді.
«Сәлем әлем! Альхамдулиллях, бізде қыз. Аллаға сансыз мақтау мен мадақтар болсын», - деп жазды өнер иесі.
Әріптестері мен оқырмандары әншіні құттықтап, ана мен балаға денсаулық тілеген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.